«Астана - Еуразия орталығы»

2018 жылы Қазақстан халқы Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығын атап өтеді. Бұл оқиғаның тарихи маңызы зор.
Қазақстанның жаңа Елордасын құру Елбасы Н.А. Назарбаевтың ұсынысы. Алматыдан Ақмолаға көшу туралы шешім 1994 жылдың шілдесінде қабылданды. 1997 жылы 10 желтоқсанда Астанаға ресми түрде көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен ҚР Елордасы Ақмола қаласы – Қазақстан Республикасының Елордасы Астанасы қаласы болып атауы өзгертілді.
Астана Еуразия құрлығының орталығында орналасқан, Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір.
Тұңғыш Президенттің ұсынысымен іргесі қаланып Қазақстан Республикасының жаңа астанасы қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық мәртебесіне ие болып, біздің жас мемлекетіміздің тәуелсіздік символы және жаһандық жетістігінің белгісі болды.
Қалалық кітапхананың оқу залында «Астана - Еуразия орталығы» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрмеде Қазақстан Республикасы Астана қаласының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі қысқаша тарихы туралы кітаптар ұсынылған.