Сұрақ-Жауап

Курчатов каласының Департаменттің ХҚКО бөліміне қала тұрғыны Берик Исканов: Мүгедек баласы бар отбасына үй салу үшін менің жер алу мүмкіндігім бар ма?
Сұраққа Курчатов қаласы бөлім басшысының м.а. Рахимбердин З.К. жауап береді:
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін (бұдан әрі – ЖТҮҚ) жер учаскелерін беру ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.03.2015 жылғы № 255 бұйрығымен бекітілген Қағидаларының нормаларымен (бұдан әрі – Қағида) регламенттелген. Көрсетілген Қағиданың нормалары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды қоспағанда, азаматтардың барлық санаттары үшін ортақ болып табылады. Көрсетілген Қағиданың нормаларына сай ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру тек қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, бөлу үшін дайындалған алаңшалар бар болуына қарай жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, қалада көрсетілген алаңшалар жоқ болуы салдарынан, ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру қазіргі уақытта жүзеге асырылмайтынын, сондай-ақ мүгедек-баласы бар азаматтарға бірінші кезекте жер учаскелерін беруге жеңілдіктер қолданыстағы заңнамада көзделмегенін айта кетеміз.