Сұрақ-жауап

Курчатов каласының Департаменттің ХҚКО бөліміне қала тұрғыны Алтай Алтайбекович Альмуханов: Біздің үйдің жанында гараждар және кейбір гараждардың араларында бос орындар бар. Енді біз гараж салғымыз келеді. Бос орындарға гараж салуға рұқсатты қалай алу және құжаттарды ресімдеуді неден бастау керек?
Сұраққа Курчатов қаласы бөлім басшысының м.а. З.К. Рахимбердин жауап береді:
2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беру Кодекстің 48-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта жүзеге асырылады. Бұл ретте, жер учаскелері тек Кодекстің бабымен регламенттелген рәсімдер өтуіне қарай сауда-саттыққа қойылатынын атап өтеміз. Алдағы сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалар нақты өткізу күнін, учаскелердің санын олардың орналасқан жерін, нысаналы мақсатын және сауда-саттықтың басқа жағдайларын көрсете отырып, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.