Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының прокуратура қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Мемлекет билігі органдары жүйесінде Прокуратураның орны қашанда ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілдігі бар бұл салаға Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қолдау міндеттелген.
Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушысы ретінде, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығын қорғап, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуын, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, Сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар. Осындай маңызды мәселелерді шешу қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық және жауаптылықты талап етеді.
Қаламыздағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтау көбінесе Сіздердің жұмыстарыңыздың түбегейлі бағдарына байланысты болады.
Сіздерге мықты денсаулық, арайлап атқан әр күндеріңізге қуаныш пен бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық, Тәуелсіз еліміздің прокуратура саласындағы жауапты қызметтеріңізге жеміс, әрқашан биік тұғыр тілейміз!

Құрметпен,
Курчатов қаласының әкімі А. Оңдақанов
Қалалық мәслихат хатшысы Г. Қарымбаева