Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы» кез келген мемлекетке негізделген ұлттың қоғамдық санасын жаңғыртудың үшінші кезеңіне бағытталған. Ел Президенті барлық қазақстандықтардың рухани өзіндік санасы арқылы жауапкершіліктерін арттыруды ұсынады.

Осы жұмыста және бағдарламаның жаңа идеяларын талқылауға жасына, мәртебесіне және әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық қазақстандықтардың, қоғамның қатысуы қажет.

Депутаттар жұмыс істейтін қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдар ҚР ҰЯО РМК, қалалық аурухана, «Дегелен» станциясы, «Водоканал» МКК, қалалық Мәдениет үйі ұжымдарында бағдарламалық мақалада көрсетілген тапсырмалардың іске асырылуы талқыланды.

Кездесуде латын қарпіне көшудің маңызды және тиімді тұстары, тарихи сана мен мәдениетті сақтау, ұлттық игіліктер мен құндылықтар, туған елді сақтау мәселелері қаралды. Тәуелсіз Қазақстанның жүз жаңа есім жобасы көп этникалық Қазақстан халқын жетістіктерге жетуде одан сайын біріктіретін тамаша идея. Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары Президентіміз Н. Назарбаевтың саясатын толықтай қолдайды және өздерінің күш жігерін қоғамдық сананы жаңғырту аясындағы бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсайды.