Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 26 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті

Бүгін қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 26-жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шараға Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Р. Абдрахсанов, 3514 әскери бөлімінің командирі Т. Акшиков, әскери қызметкерлер және әскери қызмет ардагерлері қатысты.

Бүгінде, ҚР Ұлттық ұланы еліміз егемендік алғаннан бері аса жауапты міндеттерді атқарып, мемлекетіміздің ішкі тыныштығын қырағы күзетіп келеді. Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін адал қызмет етуіміз қажет – деді әскери бөлім басшысы Талғат Болатұлы.

Іс-шара барысында әскери қызмет арагерлері, құрметті әскерилер және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мақтау қағаздарымен, төс белгілерімен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты іс-шара қалалық мәдениет үйінің әртістерімен дайындалған мерекелік концертпен жалғасты.

Құрметті 3514 әскери бөлімінің қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жауапты қызметтеріңізде қашанда табыстан табысқа жете беріңіздер!

Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметі