Мәуліт мерекесі

9 қаңтар күні қалалық мәдениет үйінде ислам дініндегі басты мерекелердің бірі – Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Қалалық мешіттің имамы Серік Әміртайұлы Төлегенов қала тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде, имам, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді одан қарай нығайтып, адамдардың бір біріне деген сыйластығын арттыру, рухани дүниесін кеңейту қажеттілігі туралы айтты.

Қалалық мәдениет үйінің әртістерімен әзірленген мерекелік концерт және театрландырылған қойылым қонақтардың көңілінен шықты.

Іс-шара соңында қалалық мешіт имамы қонақтарды қайырымдылық асқа шақырды.


 Қала әкімінің баспасөз қызметі