Ақпараттық сабақ

«Бүгінде біз Қазақстанның елордасы – бұл 

біздің тәуелсіздігіміздің салтанаты деп    

нық сеніммен айта аламыз. Астана

болашаққа ұмтылысымыздың   

тарихымызбен, мәдениетімізбен және

дүниетанымымызбен ажырағысыздай              

байланысты символы»

Н.Ә.Назарбаев

Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан   Қазақстан Республикасының елордасы. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді.  Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң.

Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.  

2018 жылдың 10 қаңтарында  Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушыларына  Астананың 20 жылдығына арналған бекітілген жоспарға  сәйкес «Астана  - Қазақстан Республикасының елордасы» - ақпараттық сабақ өтті.

Сабақ барысында тыңдаушыларға  тақырыпқа  сәйкес Қазақстан Республикасы  астаналарының тарихи  туралы ақпарат беріліп, қазіргі жас қаланың көрікті жерлері туралы бейнеролик  ұсынылды, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Қазақстан тарихы туралы  сұрақтар қойылды. Алған ақпараттарды жинақтап, тыңдаушылар астана туралы әңгімі құрастырды.

Тілдерді оқыту орталығы