Кітап көрмесі

2017 жылдың 10 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін  Астана қаласының 20 жылдығына арналған бекітілген жоспар сәйкес іс-шаралар басталды.

Астананың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырудың тұжырымдамалық негіздері біреу мынадай:

Астана - еліміздің жаңа мәдени және туристік орталығы. Елордада түрлі мәдениет мекемелері, соның ішінде концерттік залдар, сарайлар, мұражайлар, театрлар, кітапханалар, цирк, кинотеатрлар, жекеменшік көркемсурет галереялары, мәдениет және демалыс саябақтары жұмыс істейді.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Астанада әлемдік деңгейдегі бірегей мүлдем жаңа мәдениет объектілері салынды, соның ішінде: "Астана-Опера" мемлекеттік опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, "Қазақстан" орталық концерт залы бар.

Астананың көз тартарлық орындарымен  таныстыру мақсатында Тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасының қалыптасу жолдары мен жетістіктері, екі ғасыр тоғысында салынған көркейіп тұрған астана  туралы әңгімелейтін  кітаптар шағын көрмесі ұйымдастырылып,   Астананың бірегей ғимараттар туралы фотогалерея ұсынылды.

Тілдерді оқыту орталығы