Кеңейтілген аппаратық отырыс

11 қаңтар күні қала әкімі А. Оңдақановтың төрағалығымен Курчатов қаласы әкімдігінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде үш мәселе қарастырылды: «2017 жылда Курчатов қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау және 2018 жылда қойылған міндеттер туралы есеп», «2018 жылға арналған мемлекеттік сатып алулардың (байқаулар бойынша) жағдайы туралы» және «Қала әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуіне дайындық туралы».

Тыңдалған әр ақпарат бойынша талдау жүргізіліп, отырыс қорытындысы бойынша аталған бағыттардағы жұмысты арттыру бойынша тапсырмалар берілді.

Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметі