Тұрғындарды жеке қабылдау

11 қаңтар күні Курчатов қаласының әкімі А. Оңдақанов қалалық «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға Курчатов қалалық «Нұр Отан» партиясының бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Е. Гулькова, ТҮКШ бөлімінің басшысы А. Токпаков, жұмыспен қамту бөлімінің директоры С. Әзімханов, ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Тажиев қатысты.

Тұрғындармен қойылған сұрақтар әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегі саласында болды.

Кездесу қорытындысы бойынша Алмас Аманқолұлы бөлім жетекшілеріне тапсырмалар берді.

Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметі