2018 жылдың 2 ақпан айында Павлодар облысы, Ақсу қаласында жайдарман лигасының «Шабытты маусым» финал ойыны өтті. Маусым ашылғаннан бастап ойынға 14 команда қатысты соның ішінде мықты командалар: Павлодар, Екібастұз, Семей қалалары болды. Маусым 5 кезеңнен өтті «маусымашар», «1/8 ойыны» «1/4 ойыны» «1/2 жартылай финал ойыны» «Финалдық ойын». Балалар шығармашылық үйінің оқытушысы Аюпова А.К. жетекшілік етіп отырған «Болашақ» командасы қаламыздың намысын қорғады. Ойын өте тартысты өтті , соған қарамастан біздің балалар жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Бізді қолдап қол үшін созған ата-аналарға алғыс айтамыз.
Оқушылар осы ойынмен шектеліп қалмай, басқада ойындарға қатысуға өз күштерін салады.