Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

2018 жылдың 07 ақпанында Достық үйінде Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері латын әліпбиіне көшуге байланысты арнайы жұмыс жоспарына сәйкес №4 мектеп оқушыларымен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты ақпараттық кездесу өткізді.
Қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 26 қазанындағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығымен таныстырылып, бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиінің буклеттері таратылды.