Ата салтын ардақтайық...

Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихатттау, 2018 жылдың 7 ақпаны күні Достық үйінде «Ата салтын ардақтайық» атты интеллектуалдық ойын бағдарламасы өтті.
Іс –шараның мақсаты: қатысушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Қатысушылар 3 топқа бөлінді. Сайыс 3 айналымнан тұрды: «Сұрақ-жауап», «Сөз жұмбақ», «Кім жүйрік?». Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.
Іс-шараның соңында қатысушыларға грамотамен және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шараның жалғасы Достық үйінің және этномәдени бірлестігінің қызметімен, Курчатов қаласында тұратын халықтарының әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен танысуымен аяқталды.

Достық үйі