Курчатов қаласында Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың бастамасымен құрылған облыстық ақпараттандыру тобы өз жұмысын бастады.
2018 жылдың 8 ақпанында қалалық әкімдікте, достық үйінде, № 3 орта мектебінде кездесулер өтті.
Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.А. Қайрақанова Жолдауда белгіленген 10 басым бағыттар бойынша түсіндірмелер берді. Өз сөзінде Алма Арынғазықызы аталған маңызды құжаттың экономика және қоғам даумының жаңа кезеңіне қадам басуына, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының әлеуетін арттыруға жаңа мүмкіндіктер беретіндігін атап өтті.

Курчатов қаласының баспасөз қызметі