Қазақ күресінен 2001-2002, 2003 -2004ж.т ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Шығыс Қазақстан облысы Чемпионатының есебі

2018 жылдың ақпан айының 09 – 12 күндері Аягөз қаласында Қазақ күресінен 2001-2002 , 2003-2004 ж.т ересектер мен жасөспірімдер арасында Шығыс Қазақстан облысының Чемпионаты өткізілді. Аталған жарысқа, ШҚО 12 ауданынан 250 аса спортшылар қатысты. Курчатов қаласының намысын «ҚР ШҚО Курчатов қаласы бойынша БЖСМ» КММ қазақ күресі жаттықтырушы М.Жаманбалиннің
14 шәкірті қатысты.
Спортшыларымыздың ішінен Кусманов Ернар II –орынға, Ернар Қазақстан Республикасының Чемпионатының лицензисына ие болды, Балтабеков Ернур ІІІ – орынға ие болды.