Дәрілік заттармен қамтамасыз етуіне мониторинг

Қоғамдық Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кеңестің хатшысы Н.Ф. Балагурова ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.С. Каратаевпен бірлесіп, амбулаториялық емдеу деңгейінде жеңілдіктер негізінде жекелеген санаттағы азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуіне мониторинг жүргізді.
Клиникалық-диагностикалық емхана меңгерушісі Садыбекова Даурия Сейсенқызы комиссияның барлық сұрақтарына жауап беріп, тегін дәрілік заттарды босататын кабинетті көрсетті. Дәрілік заттарды босатуға жауапты маман медбике Богатырева Татьяна Николаевна босату тәртібі туралы айтты.
Курчатов қаласында қаңтар айынан бастап, «СК Фармация» жеткізуінің кестесіне сәйкес дәрілік заттар босатылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі бекітілді.

Тізбе бойынша қосымша ақпаратты adilet.zan.kz сайтынан қарауға болады.
Кеңестің хатшысы