Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

7 наурыз күні Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залында Кеңестің кезекті отырысы өтті. Кін тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
-Курчатов қалалық мәслихаты шешімінің «Курчатов қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №18/130-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» жобасы
-«Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» Курчатов қалалық мәслихаты шешімінің жобасы
-«Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы» Курчатов қалалық мәслихаты шешімінің жобасы
-«Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы» Курчатов қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 19 ақпандағы №16/120- IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Курчатов қалалық мәслихаты шешімінің жобасы.
Қоғамдық кеңестің мүшелері аталған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар берілді.
Кеңес жобаларды қалалық мәслихаттың сессиясында қарастыруға беруді ұсынды.

Қоғамдық кеңестің хатшысы