Астана - бейбітшілік пен келісім қиылысы

2018 жылдың 13 наурызында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыстық, қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтары тыңдаушыларының арасында Астана қаласының 20 жылдық меретойына орай «Астана - бейбітшілік пен келісім қиылысы» атты эссе жазудан байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді дамыту, қолдану аясын кеңейту және мәртебесін арттыру, тыңдаушылардың арасынан өз ойын еркін, әрі көркем тілмен жеткізе алатын шығармашылық бағытта жан – жақты дамыған, қазақша сауатты жаза алатын тұлғаларды анықтау.
1 - 7 наурызда өткен бірінші кезеңге
қатысқан Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары онлайн режимінде өткен екінші кезеңде «Астана - бейбітшілік пен келісім қиылысы» тақырыбында эссе жазды.

Тілдерді оқыту орталығы