«Мемлекеттік қызметтегі тіл шебері - 2018» сайысы

«Шығыстың ұлы тұлғалары» атты облыстық айлық аясында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, ҚР 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, өңірлік «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 10 сәуірінде Тілдерді оқыту орталығында «Мемлекеттік қызметтегі тіл шебері - 2018» атты мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген және осы деңгейге тартылған үйренушілер арасынан қазақ, орыс тілдерді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында сайыс өтті.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1. «Жазба тіл шебері» жазба құзыреттілігі бағаланды; 2. «Сөз шебері» сөйлесім құзыреттілігі; 3. «Қиыннан қиыстырар ер данасы» таным және сөйлесім құзыреттілігі бағаланды.
Бұл сайыстың жеңімпаздары: 1орын – Курчатов қалалық мәслихатының бас маманы Құндыз Бодаубаева, 2 орын – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ильмира Құсманова, 3 орын – заң бөлімінің бас маманы Гауһар Ахметова және Курчатов қалалық мәслихатының бас маманы Раушан Ешекенова.
Сайысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтап, зор денсаулық пен сәттілік тілейміз!


Тілдерді оқыту орталығы