Ақпараттық сабақ

Өз заманындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу мәселесі ерекше мәнге ие болмақ, бұл адамдар тек тарихты жасап қана қоймай, сонымен бірге сол қоғамның мәдени құндылықтарын, адамгершілік принциптері мен дәстүрлерін бойында сақтап, оның жетекшісі болған.
2018 жылдың 11 сәуірінде Тілдерді оқыту орталығында «Шығыстың ұлы тұлғалары» айлық аясында ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Адамдық борышың» тақырыбында ақпараттық сабақ өтті.
Сабақ барысында тыңдаушылар Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы қызықты мәліметтер алып, слайдтар арқылы ұлы тұлғаның өмірбаянымен танысты.

Тілдерді оқыту орталығы