Қозы Көрпеш – Баян сұлу

2018 жылдың 13 сәуірінде «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» ғашықтар күні қарсаңында Достық үйінің ұжымымен ұйымдастырылған №4 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында балалар қайғылы махаббат туралы аңызды және оның тарихы жайлы мағлұматтар білді. Кездесу соңында ұйымдастырушылар интеллектуалдық ойын бағдарламасын өткізді. Оқушылар сұрақтарға қиындықсыз жауап беріп, ойынға белсенді қатысты.
Оқушылар Ғашықтар күнімен құттықтап, ұйымдастырушыларға өткізілген кездесу үшін алғыстарын білдірді.

Достық үйі