Молодежный ресурсный центр

Дмитрий Гурскийге қолдау көрсету мақсатында өткізілген қайырымдылық шағын-футбол турнирі.
2018 жылдың 14 сәуір күні балалар мен жасөспірім спорт мектебінде автокөлік апатынан зардап шеккен Дмитрий Гурскийге қолдау көрсету мақсатында өткізілген қайырымдылық шағын-футбол турнирі өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Курчатов қаласының Жастар ресурстық орталығы.
Турнирге 8 команда қатысты. Ойынды ашу үшін Курчатов қаласының Ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шаушимов Багдат Айтказыұлына сөз берілді. Дмитрий Гурский өзі бірінші гол соғып турнирді ашты.
Ойын қызу өтіп командалар арасындағы бәсекелестік анық көрінді. Әр команда турнирдің чемпионы болуға тырысты. Ойын соңында Курчатов құрама командасы мен балалар және жасөспірім спорт мектебі 1-орынға таласты. Нәтижесінде Курчатов қаласының командасы жеңіске жетті, 2- орынды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иеленді, 3-орынды Павлодар облысы, Май ауданының Көктөбе құрама командасы иеленді.
Турнирдің чемпиондары кубоктар мен құнды сыйлықтармен марапатталды. Ойынның барысында ерекшеленген ойыншыларға номинациялар берілді:
- «Үздік қақпашы» Қошқарбаев Е. (Бесқарағай ауданы);
- «Үздік ойыншы» Багдатов К. (Курчатов қаласы);
- «Үздік шабуылдаушы» Адильбеков Д. (Курчатов қаласы);
- «Үздік қорғаушы» Немгетер Д. (Көктөбе ауданы);
Балалар мен жасөспірім спорт мектебінің директоры Е.А.Темерхановқа және жаттықтырушы-мұғалім Хазиев Р.М және қатысқан командаларға алғысымызды білдіреміз. Жиналған қаражат Д.Гурскийдің отбасына табысталды.
Жастар ресурстық орталығы.