Фонтанның ашылуы

12 мамыр күні Курчатов қаласының тұрғындары көптен күткен оқиға - музыкалық фонтанның ашылу салтанаты өтті.
Орталық алаңда қала тұрғындары жиналды, әсіресе осы мерекені көптен күтіп, асыр салып жүгіріп жүрген балалар көп болды.
Мерекелік бағдарлама 5511 әскери бөлімінің әскери оркестрінің концерттік бағдарламасынан басталды. Сонымен қатар қонақтар алдында «Бибігүл» халық аспаптар оркестрі мен Семей қаласының А. Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның «Камерный» оркестрі өз өнерлерін паш етті.
Қас қарайған кезде қала тұрғындары фонтанның іске қосылуына куә болды. Қас-қағым сәтте фонтанның су ағыны түрлі түске боялды. Фонтанды іске қосу құрметі Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Петрович Дубина ие болды.
Алдағы уақытта жаңадан ашылған фонтан қала тұрғындарының сүйікті және отбасылық демалысты тиімді өткізетін орны болады деп, сондай-ақ түнгі мезгілде музыкалық композицияны қызықтайды деп үміттенеміз.