Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, қалада 2018 жылы 15 мамырда келесі пәндер бойынша бірінші оқыту күні өтті:
1. «Ашық үкімет»;
2. «Электронды үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер»;
3. «Электронды сауда-саттық»;
4. «Базалық цифрлық дағдылар».
Семинар-дәріске алпысқа жуық қала тұрғындары қатысты, дәрістерді тиісті сала мамандары өткізді.
2018 жылы 16 мамырда сағат 15.00-ден бастап 18.00-ге дейін достық үйінде осындай тақыраптар бойынша кезекті семинар жоспарланған, семинар өтеусіз негізде және барлығы үшін ашық екендігін еске саламыз.