Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне «Айбын» әскери-спорттық ойыны өткізілді.

11 мамыр күні 3514 әскери бөлімінің оқу жаттығу алаңы аумағында қаланың мектеп оқушыларының арасында «Айбын» қалалық әскери спорттық ойыны өткізілді.
Байқау барысында оқушылар: пневматикалық қарудан ату, турникте тартылу, газ маскасы мен жалпы қорғаныс жиынтығына қою, АК-74 автоматын бөлшектеу және толық жинау сонымен қатар 1,5км- ерлер, 1000 км-қыздар арасындағы қашықтықтағы жүгіру бойынша спорттық дағдыларын көрсетті.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып №1 мектеп атанды, 2 орынды №3 мектеп, ал құрметті 3 орынды №2 мектеп иеленді.
Болашақ Отан қорғаушылар үшін жарыс жоғары деңгейде өтті. Бұл күні қатысушылар тамаша еңбек дағдысын, ерлік, отан сүйгіштік пен серіктестік қатынастарын көрсете білді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок пен дипломдармен марапатталды.
Осы іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқан 3514 әскери бөліміне сонымен қатар командалардың жалпы физикалық дайындығы үшін ұстаздар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз.

Жастар ресурстық орталығы