"Звонкая радуга" вокал ұжымы Краснопольская Светлана Вячеславовнаның басшылығымен бірнеше рет түрлі конкурстарда жеңімпаз атанды.
Талант, еңбекқорлық және жеңіске деген ұмтылыстары арқылы өз дегендеріне жетеді. Қаламыздың қандай да бір іс – шарасы, біздің оқушыларымыздың әсем дауыстарынсыз өтпейді, себебі олар күнделікті жаттығулар жасап, күннен күнге жоғарғы деңгейге көтерілуде.
Міне, тағыда өткен демалыс күндері аталмыш ұжым жаңа жеңістерімен қуантты.
2018 жылдың 13 мамырында Семей қаласында «Таңғы Шұғыла» шығармашылық фестивалі аясында өткізілген «Заря Прииртышья» балалар, жасөспірімдер мен ересектердің шығармашылық халықаралық фестивалі өтті. «Вокал» номинациясында 34 қатысушы жарияланды. «Звонкая радуга» ұжымы үш жас категориясында өнер көрсетті және басты жүлделерге ие болды:
Кіші топ 8 жастан 10 жасқа дейінгі топтардың ішінен Гран-при жүлдесін алды, жоғарғы - 15 жастан 16 жасқа дейінгі жас санатындағы Гран-при жүлдесіне және Моргунова Виталина - 16 жастан 20 жасқа дейінгі жас санатындағы Гран-при жүлдесіне ие болды. Команданы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық жеңістер тілейміз!