«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңнама нормаларын түсіндіру

«Ақ- бөбек» балабақшасында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңнама нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д. Камзин қатысушыларға жалған діндер мен экстремисттік ағымдардың өмірге, психикаға және денсаулыққа зияны жөнінде айтып өтті.
Кездесу барысында дін саласындағымемлекеттік саясаттың заңнамалық актілеріндегі дайындалып жатқан өзгерістер туралы өзекті сұрақтаркөтерілді.
Жиналған қауымғатеріс діни ағымдардан зардап көргендерге кеңестік және психологиялық көмек көрсету туралы жадынамалар таратылды.
Тыңдаушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі