Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2018 жылдың 20 маусымында сағ. 10.00-де Курчатов қалалық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4, 1- қабат.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Курчатов қаласы әкімінің оған жүктелген қызметтер мен тапсырмаларды орындау жөніндегі есебі туралы.
2. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
3. Білім берудің жағдайы, келешегі мен алдағы уақытта дамыту жөніндегі шаралары және жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау туралы
4. Мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Иманмәдиев Е.М.).
5. Әртүрлі.

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы