«Біз Астанға барамыз»

Міне жаз мезгілінің екінші айы да басталды. Мектеп жанындағы лагерь балғындарға екініші кезеңін бастап кетті. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінің оқытушылары Астананың 20 жылдығына орай «Астанаға саяхат» атты ойын-сауық бағдарламамен барып қайтты. Оқытушылар ең алдымен бас қаламыз Астана жайлы мағұлмат беріп, шығармашылық ойындар өткізді. Атап айтсақ: «Жұмбақтар станциясы», «Он саусақ» станциясы, «Жас суретші» станциясы және «Қызғалдақ» станциясы.
Балалар әр аялдамаға келіп тапсырмаларды орындап бас қаламызға жетті.Ойын өте тартысты өтіп, уақыттың қалай сырғып өткенін де байқамады.