«Астана- ақындар қаласы» поэзия кеші

5 шілде күні Қалалық кітапханадағы Goworking орталығында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана-ақындар қаласы» атты поэзия кеші өткізілді.
Кеш барысында Астаналық және Курчатов қаласының ақындарының өлеңдері Агнессы Скворцова, Нина Дмитропавленко және басқа орындаушылардың орындауында оқылып, Иван Ревинннің орындауында «Астана» әні шырқалды.
Поэзия кешіне Тілдерді оқыту орталығының директоры Б. Қ. Нұржанова қатысып, келген қонақтарға Астана тарихы мен көрікті жерлері туралы қысқаша мәліметтер жазылған буклеттер сыйға тартты.

Қалалық кітапхана