«Азот» ӨК қызметкерлерімен өткен кездесу

2018 жылдың 31 шілде күні «Азот» ӨК «Қазақстан – зайырлы мемлекет: конституциялық-құқықтық аспект» тақырыбында кезедсу өтті.
Ішкі саясат бөлімінің қызметкері Д.Камзин Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір азамат дін және діни нанаымдарына өзінің жеке құқығы бар екенін атап айтты. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының заңдары мен Коституция талаптарына қайшы келетін іс-қимылдарды өздерінің діни нанымдарын саналы түрде жүзеге асыру құқығын бермейді. Сонымен қатар тыңдаушылар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң мен дін саласындағы ҚР қылмыстық және әкімшілік кодексінің жеке баптарының құқық бұзушылық фактілерімен танысты. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдардың өзгешеліктері мен тақырыптың маңыздылығын атап өтті.
Білімді бекіту үшін қазақстандықтарды әр түрлі мағынадағы радикалды ұйымдарға тарту әдістері туралы бейнеролик көрсетілді.
Тыңдаушыларға толғандыратын мәселелер бойынша барлық ақпаратты алуға болатын ресми интернет –ресурстардың мекенжайлары мен сенім телефондарының тізбесі көрсетілген жадынамалар таратылды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі