Біріңғай республикалық медиация күні

Медиация күні қарсаңында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы 2018 жылдың 3 тамызында барлық Достық үйлері арасында тікелей эфирмен жиналыс өткізді. Осыған орай, Курчатов қаласының Достық үйінде аталған іс-шараға байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға сот, әділет органдарының, Қоғамдық келісім кеңестерінің, Аналар кеңестерінің, Ішкі саясат бөлімінің, жастар лигасының өкілдері және кәсіби емес медиаторлар қатысты.
2018 жылғы 27 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізді, соның нәтижесінде Ассамблея қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуші медиацияны дамытуға ықпал етудің тетігіне айналды.
Бүкіл ҚХА қызметі қоғамдық келісімнің бұзылуына жол бермеуге бағытталған. Медиация - дауларды (жанжалдарды) шешудің нақты құралы болып табылады.
Шара соңында Достық үйінің атынан медиаторларға алғыс хаттар табыс етілді.

Достық үйі