«Абай Құнанбаевтың қара сөздері» атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 10 тамызында Тілдерді оқыту орталығында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай Құнанбаевтың қара сөздері» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қала мекемелерінің және әкімдіктің дербес бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Абай Құнанбаевтың өмірбаяны туралы ұсынылған слайдты тамашалап, ұлы ақынның қара сөздерінің ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесінің тереңдігін талқылады. Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар Абай Құнанбаевтың өмірбаяны және шығармашылығына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Тілдерді оқыту орталығы