«Абайды оқы таңырқа!» атты танымдық сағаты

Қазақтың маңдайына туа біткен ұлы ақынымыздың туған күнін атап өту мақсатында 2018 жылдың 10 тамызында Абай саябағында Достық үйі мен қалалық кітапхана қызметкерлері бірлесіп «Абайды оқы таңырқа!» атты танымдық сағатын өткізді.
Бағдарламада мәдениет үйі әртістерінің орындауында Ұлы Абайдың әндері орындалып, өлеңдері оқылды. Қалалық кітапхана «Абай әлемі» тақырыптық кітап көрмесін ұсынды, ал жиналған жастар үшін «Абай –қазақ халқының жаны» атты кішігірім викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қонақтарға сыйлықтар табысталды.

Достық үйі