2018 жылдың 1 қыркүйегіне Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмысы туралы.

Курчатов қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 4 адам тұрады. Қала әкімі, қала кәсіпорындары мен ұйымдары біздің ардегерлерді туған күндерімен және әр бір мемлекеттік, ұлттық мейрамдармен үйлеріне барып құттықтайды.
Біздің қалада Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдік бойынша теңестірілген 319 адам тұрады.
Мүгедектердің саны – 200 адам (1 топ – 13 адам, 2 топ – 76 адам, 3 топ – 71 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 40 адам).
Тыл еңбеккерлері – 61 адам (соның ішінде 4 адам – тыл еңбеккері мәртебесіне ие болған, ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдері).
Әлеуметтік төлемдер
2018 жылдың 1 мамырдағы жағдайында «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тұрғын-үй көмегін тағайындау туралы өтініштерімен 61 адам тұратын 22 отбасы жүгінді, 55 адам тұратын 21 отбасыға 433,1 теңге сомаға көмек тағайындалды.
Курчатов қаласында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және қарттар мен мүгедектерге үйденже әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жоқ. Жыл басынан үйге көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтері 31 жалғыз тұрып жатқан қарт адамдарға (соның ішінде 26 жалғыз тұратын қарт адамға (3 мүгедек) және 5 мүгедек-балаларға) төрт әлеуметтік қызметкерлермен көрсетіледі.
12 жалғыз тұратын қарт адамдарға Семей қаласының «Асыл» үкіметтік емес ұйымы қызмет көрсетеді. Курчатов қаласында арнаулы әлеуметтік көмекті алуға кезек жоқ.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға бір жылға 437,0 мың теңге жоспарланған, жыл басынан бастап 5 балаға 240,5 мың теңге төленді.
2018 жылы оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 14 мүгедек, соның ішінде 8 бала міндетті гигиеналық құралдармен (жөргек, жаялық, иісмай ) 100 пайыз қамтылған.
2018 жылы протез- ортопед көмегіне 8 өтініш түсті, 3 бала қамтамасыз етілді.
Жеке көмекшінің қызметін ұсыну үшін 1 топтағы 5 мүгедектен өтініш түсті, 1 мүгедек қамтамасыз етілді. 4 өз өтініші бойынша бас тартты. 1 мүгедекке қызмет көрсетілуде.
2018 жылы 5 тифло құралдарымен 1 мүгедек, 2017 жылы 6 тифло құралдарымен 1 мүгедек қамтамасыз етілді. Бір бала бинауральдық есту аппаратын алды.
Ағымдағы жылы қозғалыс құралдарына 1 адам, 2017 жылы түскен өтініштері бойынша 5 адам қамтамасыз етілді.
2018 жылы шипажай – курорттық емделуге Алматы қаласының «Спутник», «Мойылды» және «Уба» шипажайларына 3 топтағы 5 мүгедек барды, 3 мүгедек «Мойылды» шипажайына 22 қыркүйекте барады. Барлығы 8 адам. 4 мүгедек мұқтаж гемодиализ емін көрсететін шипажай жоқтығына байланысты, шипажай – курорттық емделуден өткен жоқ.
Зырян ауданының Грехово ауылының оңалту орталығына оңалтудың жеке бағадарламасы бойынша 2 топтағы 1 мүгедек жіберілді.
2018 жылы медициналық – әлеуметтік мекемесіне 1 зейнеткер (тыл еңбеккері) жіберілді. Бір мүгедек психикалық-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеде 19-шы болып кезекте тұр.
Облыс аумағында орналасқан «Уба» шипажайы» КММ 2017 жылы 39 зейнеткер демалып, денсаулықтарын түзеді, соның ішінде 8 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға тенестірілгендер және 2 мүгедек. 2018 жылы 26 зейнеткер жіберілді.
2018 жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік мекенжай көмегіне 2 220 мың теңге бөлінді. Осы жәрдемақы жыл басынан 88 адам тұратын 20 отбасыға төленді. Төленген мемлекеттік мекенжай көмегінің орташа мөлшері 7082,6 теңгені құрады. Қаражатты игеру 100 пайызды құрады.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша 2018 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 049,0 мың теңге бөлінді, жыл басынан бастап 61 отбасына 3832,9 мың теге сомада материалдық көмек бөлінді.
Жыл басынан бастап демеушілердің қаражаты есебінен қайырымдылық акциясымен 5 445 адам жалпы сомасы 3070,8 мың теңгеге қамтылды.

2018 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы туралы.

2018 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша «Курчатов қаласының тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы» КММ 507 жұмыссыз азаматтар келіп жүгінді. 367 азаматқа жұмысқа орналастыру бойынша шара қолданылды:
- 216- адам тұрақты жұмыс орындарына (бос жұмыс орындары);
- 105- адам қоғамдық жұмысқа;
- 32 -адам әлеуметтік жұмыс орындарына;
- 51 - адам оқуға
Жұмысқа орналастыру деңгейі жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгініп келген азаматтардың санынан 72,3 % құрады. Экономикалық белсенді халықтың қатарындағы тіркелеген жұмыссыздардың бөлігі 1,5 % немесе 139 жұмыссыздарды құрайды.
Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды. 2018 жылға мақсатты топтардың қатарынан 140 жұмыссыз азаматтарды жолдау жоспарланып отыр, қаңтар айынан бастап 105 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Жұмысқа орналастыру деңгейін көтеру мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарына ағымдағы жылдың басынан бастап 14 адам жіберуге жоспарланғанымен, 32 жұмыссыз азамат жіберілді.
2018 жылдың мамыр айынан бастап 51 жұмыссыз азамат қысқа мерзімді оқуға жіберілді.
Оқу орындарының түлектерін жұмсыздықтан қорғау мақсатында, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап алған мамандықтары бойынша кәсіби машықтанып және жұмыс тәжірибесін алу үшін 14 адамға жастар тәжірибесі ұйымдастырылды.