Кезектен тыс жиырма үшінші сессия

2018 жылдың 7 қыркүйегінде әкімшіліктің отырыс залында депутат С.Г. Остапенконың төрағалық етуімен Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына әкім орынбасары Абдрахманов Р.М., мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шыныбаев Қ.Н., Курчатов қалалық әділет басқармасының басшысы Смағұлова Б.А., экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тоқпақов А.К. қатысты.

Сессияның күн тәртібі:

1. «Курчатов қаласының 2018 – 2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 18/130-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.К. Тоқпақовтың ақпараты.
2. Әр түрлі:
1) «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 11/80-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
2) «Тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/160-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/156-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесін құру туралы.
3. Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезекті жиырма төртінші сессиясының төрағасы туралы.
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г.Қ. Қарымбаеваның ақпараты.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.