«Ақмоладан Астанаға дейін» атты әдеби-ойын бағдарламасы

2018 жылдың 7 қыркүйек күні Қалалық кітапханадағы COWORKING орталығында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ақмоладан Астанаға дейін» атты әдеби-ойын бағдарламасы өтті.
Келешек ұрпақтың еліне, туған өлкесіне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында өткен іс-шараға №4 мектептің 5- сынып оқушылары мен Достық үйінде құрылған «Ата -мұра» орталығындағы «Асыл әжелер» мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Астананың тарихы туралы маңызды мәлімет алып, сұрақ – жауап ойынына белсене қатысты.

Қалалық кітапхана