Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы профилактикалық кездесу өтті

Тұрғындар арасындадіни сауаттылықты арттыру,дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде «Дестуктивті діни ағымдардың шығу формалары мен мәні»тақырыбында кездесу өтті.
Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д.Камзин еліміздегі діни қауіпсіздік сферасындағы негізгі үрдістері мен діни қызмет саласындағыЗаң нормалары туралы айтты.
Кездесу барысында хиджаб кию, жастар арасындағы діни жағдай, теріс деструктивті діни ағымдардан қалай өзіңді қорғау керектігі және осы сұрақтар заңнамалық деңгейде қалай шешілетіні туралы айтылды.
Сондай - ақ кездесу барысында аталған тақырыптағы бейнеролик көрсетіліп, барлық сұрақтарға жауаптар алынып, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі