Патриотизм, рухани келісім және бейбітшілік – діни шыдамдылықтың қағидасы

2018 жылдың 13 қыркүйегінде балалар музыкалық мектебінде ішкі саясат бөлімімен «Патриотизм, рухани келісім және бейбітшілік – діни шыдамдылықтың қағидасы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Тыңдаушыларға дін мен мемлекеттің өзара байланысы, қоғамдағы діннің маңызды рөлі және оның қоғам санасына ықпалы туралы түсінік берілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасында дінаралық және ұлтаралық келісімнің моделін дамыту, рухани келісімді сақтау жолдары, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін түрлі іс-шаралардың өткізілуі, жастардың діни сауаттылығын арттыру туралы тақырыптар қозғалды.
Барлық қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі