Курчатов қалалық мәслихатының кезекті 24 сессиясы

2018 жылдың 14 қыркүйегінде әкімдіктің отырыс залында Курчатов қалалық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы болды.
Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі А.А. Оңдақанов, ұйымдар мен кәсіпорындардың, қала мекемелерінің басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту бойынша қабылданатын шаралар мен мемлекеттік органдарда олардың орын алуына себепкер болатын жағдайлар мен себептер туралы
Курчатов қаласы әкім аппараты басшысының міндетін атқарушы Е.С.Кешубаевтың ақпараты.
2. Тұрғын үй қорын және әлеуметтік – мәдени бағыттағы нысандарды жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының жылыту кезеңіне дайындығы туралы
Курчатов қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Д. Өлмесековтің ақпараты.
3. Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы.
Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Э. Ғ. Батырбековтың есебі.
4. Әр түрлі:
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы.
Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.А. Әбдікәрімовтің ақпараты.
5. Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясының төрағасы туралы
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г. Қ. Қарымбаеваның ақпараты.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша шешім бірауыздан қабылданды.