«Менің отбасымның шежіресі» оқырман бенефисі

Қыркүйек айының 18 күні қалалық кітапханада кітапхананың тұрақты оқырманы Исайынов Шынғыс Райымұлының қатысуымен Отбасы күніне арналған «Менің отбасымның шежіресі» атты оқырман бенефисі өтті. Бұл іс-шараға қатысқан № 4 мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандарына Шынғыс Райымұлы өзінің өмір жолында отбасымен бірге оқыған кітаптары, белгілі жазушы-ақындармен кездесулері және өзінің өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімелеп берді. Кеш барысында қонақтар «Кітап - менің өмірім» атты бенефицианттың кітапханадан алып оқыған және жеке кітапханасынан қойылған кітап көрмесімен танысты. Кітапханашы Р. А. Кучукова оқылымында Д. Сейітұлының «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» атты кітабына енгізілген Шыңғыс Райымұлының жан жары туралы жазған «Есімің кетпес есімнен» естелігінен үзінді оқыды. Жас жеткіншек оқырмандар өздерінің сүйікті өлеңдерін кеш иесіне тарту етті.

Қалалық кітапхана