Кеңестің кезектің отырысы өтті

Қала әкімінің аппаратында әкім орынбасары А. Глазинскийдің төрағалығымен Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық Кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. С. Қаратаевтың «Қаладағы діни жағдай және дін және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық – түсіндіру тобының жұмысы туралы» және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Н. Н. Орехованың «Халықтың әлеуметтік осал топтары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және ескерту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» ақпараттары тыңдалды.
Отырыста қаладағы діни ахуалға қатысты және халықтың діни сауаттылығын арттыру, атап айтқанда, сауатты мамандарды тарта отырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы өзекті мәселелер көтерілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар жасалды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі