«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» флешмобы

2018 жылғы 9 қазанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК - да «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты флешмоб ұйымдастырылды.
Марафонның негізгі мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, қазақстандықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісіне шақыру, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру. Кәсіпорын қызметкерлері сөз сөйлеуінде Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевпен Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып айқын белгіленгенің атап өтті.
Акцияға 100-ден астам қызметкер қатысты.

Қала әкімінің баспасөз қызметі