Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтау

2018 жылдың 9 қазанында «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны аясында қала әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтау» тақырыбында жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді.
Өз сөзінде заң бөлімінің басшысы Г. М. Хусайнова қаланың жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Сонымен қатар шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.
Оқыту соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі