Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді

2018 жылдың 10 қазанында «Адал жол - Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Курчатов қалалық соты ғимаратында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша семинар өтті.
Күн тәртібінде баяндамашылар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының рөлі, мақсаттары мен міндеттері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормалары туралы әңгімеледі. Семинар барысында баяндамашылар стратегиядағы белгіленген мақсаттар мен міндеттер, Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жолдары туралы түсіндірді.
Өз кезегінде семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Қала әкімінің баспасөз қызметі