«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» көрмесі

Ағымдағы жылдың 10 қазанында «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны аясында қалалық кітапханада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» ұйымдастырылды.
Көрмеге елдегі сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы күреске арналған Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, осы құбылыспен күресуде мемлекет қолданатын шаралар туралы кітаптар мен жинақтар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің кітапшалары қойылды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тақырыптарына арналған отандық және шетелдік шығармалардың көркем әдебиеті іріктелді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі