Шахмат ойыны

2019 жылдың 29 қаңтарында Қалалық кітапхананың білім орталығында шахмат ойынына деген жасөспірімдердің қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін өсіру, тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, өздігінен шешім қабылдауға, зейінін, қиялдарын ұштау, баланың бойындағы қабілетті ашу мақсатында «Шахмат ойыны» атты бағдарлама өтті.
Бағдарлама барысында балалар «Шахмат ойыны - әлемдік спорт» атты кітап көрмесімен танысып, «Шахмат әлемі» бейнефильмін тамашалады. Кітапханашы «Шахмат – ақыл-ой спорты» атты библиографикалық шолу жасап, шахмат ойынының шығу тарихымен және ережелерімен таныстырып өтті.

Қалалық кітапхана