2019 жылдың 31 қаңтарында әкімшіліктің отырыс залында Курчатов қаласының әкім аппаратының басшысы Н.Қошқарбаевтың төрағалығымен және Семей аумағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Ауданаралық басқармасының басшысы Ғ.Қощқарбаевтың қатысуымен мемлекеттік мекеме басшылары мен әкімдіктің қаржы қызметкерлері үшін кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу.
Семей аумағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Ауданаралық басқармасының қызметкері қатысушыларды 2019 жылдың 23 қаңтарындағы № 8-9-2-5/127 «ШҚО Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жіберілген Ұсынысымен таныстырды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі