2019 жыл ішінде толықтай онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға көшіру жүзеге асырылады 

Курчатов қаласы бойынша кірістер басқармасы Сіздің назарыңызға келесі ақпарат жолдайды 2018 жылдың 23 желтоқсанынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы

№ 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді.

Аталған Бұйрық 2019 жыл ішінде тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – онлайн-БКМ) қолданатын қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастырады.

2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі:

2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);

2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);

2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі өтеді (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады).

Осылайша, ҚР ҚМ МКК-мен 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық тек, салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін анықтайтынын атап өтеміз.

БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.

ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.

Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:

1) жеке тұлғалар

2) адвокаттар мен медиаторлар

3) қызметін:

патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін;

бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

6) екінші деңгейдегі банктер босатылады.

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында http://kgd.gov.kz/kk/content/bakylau-kassa-mashinalaryn-koldanu-1 сілтемесі бойынша орналастырылған. 

Курчатов қаласы бойынша кірістер басқармасы
Телефон 3-46-08